Мәжілістегі фракция

«Ақжол» ҚДП фракциясы  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде – «Ақ жол» Демократиялық партиясы депутаттарының бірлестігі. Фракция жетекшісі Перуашев Азат Турлыбекұлы. Фракция жетекшісінің орынбасары ретінде Барлыбаев Ерлан мен Никитинская Екатерина сайланды. 

«Ақжол» ҚДП фракциясы  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Парламент Мәжілісі депутаттарымен бірлесе отырып қызмет етуге және Парламент Мәжілісі депутаттары қарастырып отырған мәселелерді «Ақ жол» Демократиялық партиясының ұстанымын бірлесе отырып білдіру үшін құрылады.

«Ақ жол» ҚДП Фракциясы ҚР Парламентінің алтыншы шақырылған Мәжілісінде тіркелген – бұл туралы шешім Парламент Мәжілісінің Бюросында қабылданғын (2016 жылы 28-наурыздағы №3-VIБМ қаулысы). «Ақ жол» ҚДП Фракциясы құрамына ҚР Парламентінің VI шақырылған Мәжілісіне келесі депутаттар енді: К.Әбсәтіров, Е.Барлыбаев, Б.Дүйсембинов, Д.Еспаева, М.Қазбекова, Е.Никитинская, А.Перуашев.

 «Ақ жол» ҚДП Фракциясы Парламент Мәжілісінде өз қызметін Қазақстан Республикасы Ата Заңға, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы»Қазақстан Республикасының Ата Заң заңына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентіне  және тағы басқа құқықтық актілерге сәйкесжүзеге асырады.

Парламент, Палата отырыстарында, комиссияларда, мемлекеттік органдарда, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерде депутаттық фракцияның жетекшісі, депутат А.Т.Перуашев «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясының өкілі болып табылады.

Парламент Мәжілісінде «Ақжол» ҚДП фракциясының негізгі міндеті: заң шығарушылық және т.б. қызмет барысында бағдарламалық ұстанымдарды, «Ақ жол» Демократиялық партиясы жетекші ұйымдарының шешімдерін іске асыру, сонымен қатар Парламент Мәжілісінде еліміз бен Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси және экономикалық өміріне қатысты мәселелер бойынша Партияның ұстанымдарын білдіретін саясатты келісіп жүргізу болып табылады.

Фракцияның отырысы партияның аймақтық филиалдарымен бейнеконференц-байланысы арқылы аптаның әр дүйсенбі күні өтеді. Отырыста Фракция мүшелерінің талқыланып жатқан заң жобаларына қатысты ұстанатын көз-қарасы келісіліп олардың арасында депутаттық сауалдар мен, азаматтардың өтініш-талаптары бөлініп бекітіледі т.с.с..

Фракция отырыстарына Мәжілісте талқыланып отырған заң жобаларын жасаушылар, министрлер мен вице-министрлер, банк және бизнес бірлестіктерінің жетекшілері т.б. қатыса алады.

Партияның белсенділері, соның ішінде аймақтық филиалдар, мемлекеттік басқару органдарының жетекшілеріне шығуға, дайындалып отырған депутаттық сауалдарды, ұсыныстар мен заң жобаларын талқылауға тікелей мүмкіндіктері бар.