«Ақ Жол» фракциясы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндірушілердің мүддесін қолдайды

18.04.2018 ж.

«Ақ жол» партиясы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндірушілерді қолдау туралы сөз қозғады – фракцияның тиісті депутаттық сауалын ауыл шаруашылығы министірінің атына Ерлан Барлыбаев жолдады.

Депутат өсімдік майы өнімдерін шығару өндірісінің бүгінгі жағдайын мысал ретінде келтірді. Мәселен, қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік орган майлы дақылдарды субсидиялауды тоқтату туралы мәселені талқылауда. Бұл өзгеріс өңделмеген шикізат экспортының ұлғаюына және дайын май және мұнай өнімдерін өңдеу мен экспорттаудың төмендеуіне әкеліп соғады.

Және бұл – біздің осы салада бірқатар жұмыс істеп тұрған заманауи өндіріс орындарының нарықты жоғалтып, шығынға ұшырауына алып келу қаупіне қарамастан.

Барлыбаев Елбасының Жолдауында шикізатты өңдеуді және әлемдік нарыққа жоғары сапалы дайын өнімдерді щығаруды қамтамасыз ету міндеті нақты көрсетілгенін және бұл мақсатқа қол жеткізу үшін «бұл тапсырманы орындауда алға қойған мақсатқа жету үшін барлық өнеркәсіптік кешенді түбегейлі қайта бағдарлау қажет. Бұл шешім агроөнеркәсіптік кешенде өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға сөзсіз жаңа серпін беретінін» еске салып өтті.

«Ал, уәкілетті орган Мемлекет басшысының Жолдауына тиісті жауап бергеннің орнына не істеп отыр?

Тұп-тура бәрі керісінше жүріп жатыр: шикізаттың шет елдерге шығарылуын тоқтату бойынша ешқандай қорғаныс шараларын қарастырмай, шикізат экспортына одан сайын дем беріп, оны елде қайта өңдеуді қысқартуда», - деп атап өтті сауалда.

«Ақжолдықтардың» пікірінше, онсызда сыртқы жағдаят майлы дақылдар шикізатына деген сұранысты арттырып отыр. Өйткені, Қытай американдық соя импортына баж салығын енгізу туралы мәлімдеді, ал көршілес Өзбекстан отандық өндірушілерін импортталған майлы дақылды шикізатты қайта өңдеуге құн салығын төлеуден ҚҚС-дан (20%) босатқан.

«Демек, біз осылайша өз еліміздегі шикізатты қайта өңдеу ісіне қолдау көрсетпей, керісінше шетелдік өндірушілер үшін отандық майлы дақылдарды өндіруші кәсіпорындарды мақсатты түрде ынталандырып келеміз», - деп халық қалаулысы өз таңданысын білдірді.

Қазақстандық қайта өңдеушілер тіпті субсидиялау бағдарламасы іске асырылып жатқан кезеңнің өзінде шикізаттың жетіспеушілігіне тап болғанын атап өту керек. Ал, қазіргі қылыптасқан ахуал жағдайында оларға шикізат экспорттаушылармен шикізат үшін бәсекеге түсу қиынға соғады.

2017 жылғы маусым тәжірибесі көрсеткендей, майлы дақылдарды субсидиялауды енгізу шикізатты дайындау барысында олардың өз өндіріс қуаттарының минималды жүктелуіне ғана қажетті көлемін алуға мүмкіндік берді (шамамен 47% немесе 932 мың тонна, жаңадан іске қосу жоспарланып отырған өндірістік объектілердің қажеттілігін есепке алмағанда).

Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы отандық майлы дақылдарды өндірушілерге берілетін субсидияларды сақтап қалуды ойға қонымды әрі орынды болар еді деп есептейді.

Сондай-ақ, «ақжолдықтар» ауылшаруашылық өнімдерін ішкі өңдеуге жеткілікті өндірістік қуаты бар агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да салаларында осыған ұқсас тәсілдерді қарастыруға болады деп санайды.

«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру және қазақстандық бизнес мүддесін қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі