Қоғамдық қабылдау

 «Ақ жол» Демократиялық партиясы Қоғамдық қабылдауы партия қызметін және оның ҚР Парламент Мәжілісі депутаттық Фракциясының сайлауалды тұғырнамасы мен бағдарламаларын жүзеге асыруды, азаматтар мен адамдардың бостандықтары мен құқықтарын қорғау бойынша өкілеттіктерді, тұрғындармен байланысты нығайтуды, әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты мәселелрді дер кезіндебарабар реттеуді, азаматтық қоғам институттарын орнықтыру мен дамытуды, қоғамдық маңызды жобаларды жасақтау мен жүзеге асыруда қоғамдық пікірді есепке алу және азаматтардың ауызша және жазбаша сауалдарын қарауды, азаматтардың қойған сауалдарын шешуде заңнамалық және тағы басқа да көмектер көрсетуді қамтамасыз ету үшін құрылады.

Қоғамдық қабылдаудың негізгі міндеттері:

- Азаматтарды жеке арызы, шағымдары және ұсыныстары бойынша қабылдау;

- ҚР Парламент Мәжілісіндегі Партия Фракциясы депутаттарының азаматтар мен заңды тұлғаларды қабылдауын Фракция аппаратының келушілерді қабылдау кестесіне сәйкес  ұйымдастыру;

- Азаматтардың хаттары, телеграммалары және ауызша өтініштерін уақтылы және жан-жақты қарауды қамтамасыз ету;

- Үкіметтік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдарға тиісті хаттарды жолдау мен бөлуді жүйелі, жедел орындау;

- Азаматтар мен ұйымдардың арыздары  мен шағымдары, өтініштерін жинау мен талдау, маңызы ерекше және проблемалық мәндегілерін анықтау және ол туралы  ОА пен Фракция аппаратын хабардар ету;

- Белгіленген тәртіпте азаматтар өтініштері бойынша іс-қағаздарын жүргізу;

- Қоғамдық қабылдауда Партияның Орталық Кеңесінің төралқа мүшелерімен, ҚР Парламент Мәжілісіндегі Партия Фракциясының және жергілікті мәслихат депутаттарымен тақырыптық және т.б. кездесулер өткізуді ұйымдастыру;

Тұрғындар Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы жетекшісі А.Перуашевқа, ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарына - «Ақ жол» демкоратиялық партиясы Фракциясы мүшелеріне, Алматы қаласы маслихатның депутаты Ф.Константиновке, Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің  мүшелері – Н.Жазылбеков пен Д.Васильевке, партияның қалалық филиалы басшылығы мен қоғамдық қабылдау мамандарына  өз мұқтаждықтарын білдіре алады. Қабылдау төмендегі мекен-жай бойынша жүзеге асады: Алматы қ. Кастеев көшесі, 10А

Алдын - ала жазылу төмендегібайланыс номерлері арқылы жүрргізіледі:

+7 (727) 390 09 79 немесе  +7 (727) 390 09 49

Электрондық пошта: almaty@akzhol.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР