Бізге қосылыңыз

Ең дұрысы сайлауда өз дауысыңызды біздің партияға беру арқылы "Ақ жол" Демокартиялық партиясын қолдау. Ал, егер Сіз біздің ізгі ойларымыздың  жүзеге асуына ат салысқыңыз келсе, онда біздің қатарымызға қосылыңыз! 

- пікірталастарға қатысып, араласып, өз тәжірбиеңізбен бөлісіңіз;
- өзіңіз туралы айтып беріңіз, жобаларға сарапшы болып, өзіңізді партияның ішкі қауымдастығында көрсетіңіз;
- билікпен тікелей диалогта болыңыз;
- заңнамалық инициативаңызды талқыға салып, ұсыныңыз;
- Партияның ақпараттық күн тәртібінен хабардар болыңыз.

 

Әскери қызметтегілерді, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және соттарды есепке алмағанда, Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматы партия мүшесi бола алады.

 

 

Партияға шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына,

сондай-ақ ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi.

 

 

Партияға мүше болу ерiктiлiк, жекелiк және тіркелген негiзде жүргiзiледi. Партияға мүшелiкке қабылдау партияға кiрушi адамның. 

 

 Партия мүшесiнiң құқықтары:

- Партияның басқару және бақылау-тексеру органдарын сайлау және оларға сайлану;
- Партияның сайланбалы органдарының жұмысына қатысу және олардың қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар жасау;
- Партия қызметi және оның басқару органы туралы мәлiметтер алу;
- барлық деңгейдегi сайланбалы органдарға Партияның атынан кандидат ретiнде ұсынылу;
- Партия жұмысына қатысу жолдарын өзi таңдау;
- Партиядан шығу мәселесiн өзi шешу;
- Партия қатарына алу және одан шығу жайлы өтiнiшiн қарайтын Партияның тиiстi филиалының Кеңесіне немесе өкiлдiгiнің мәжiлiсiне қатысу;
- Партияның бүкіл бағдарламалары мен акцияларына қатысу;
- Партия қызметiне материалдық қолдау көрсету.

 

Партия мүшесiнiң мiндеттерi:
Партияның Жарғысы мен Бағдарламасында, басқа да бағдарламалық құжаттарындағы мақсаттар мен мiндеттерiне ортақтасу;
- Партияның қызметiне жеке басының қатысуы;
- Партия мүшелігін басқа партияларға да мүше болумен ұштастырмау;
- Партияның Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарын бұзбау;
- Партиялық тәртіпті бұзбай ұстану;
- Партияның бағдарламалық мақсаттарын түсiндiру және оларды қорғау;
- Партия органдарының шешiмдерiн орындау;
- Партияның жарғылық мақсаттары мен мiндеттерін орындауға қол жеткiзуiне септiгiн тигiзу және ықпал ету;
- Партия қатарына жаңа мүшелер тарту жөнiнде жұмыс жүргiзу;
- Партияның абыройы мен қызметiне нұқсан келтiруi мүмкiн.

 

Байланыстар:

+7 (727) 390 09 79 +7 (727) 390 09 49
Электрондық пошта: almaty@akzhol.kz
Интернет сайт: www.almaty.akzhol.kz 
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қ. Кастеев к-сі, 10А ү.
«Ақжол» Демократиялық партиясы Алматы қалалық филиалы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР